ШҚО-да мореналық көлдерге аэровизуалдық шолу жүргізілді

ШҚО-да мореналық көлдерге аэровизуалдық шолу жүргізілді

Катонқарағай ауданында ШҚО ТЖД қызметкерлері мен ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары Бұқтырма өзені бассейніндегі 7 мореналық көлге аэровизуалдық шолу жүргізді.
Тексеру барысында 2000–2500 метр биіктікте орналасқан барлық көлдердің мұздан толық ашылғаны анықталды. Көлдердегі су деңгейі төмен, ағып шығуы еркін жүзеге асуда. Жағдай тұрақты, қауіп-қатер жоқ.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын көлдер әлі мұз құрсауында жатқан кезеңнен бастап толық ашылғанға дейін сел қаупі жағдайын бақылау үшін тексерулер жүргізіледі», – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов.