
Құтқарушылар баланы Катонқарағай ауданынан Өскемен қаласына жеткізуге көмектесті. Шұғыл медициналық тасымалдау үшін ҚР ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы санитарлық авиация дәрігерлері Рафаил Халитов пен Антон Волковтың қатысуымен жұмылдырылды.
ТЖМ ұшқыштары мен дәрігерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында тасымалдау операциясы белгіленген бағыт бойынша қауіпсіз әрі сәтті жүзеге асты.
Ұшқыштардың еңбегі жедел медициналық көмек жүйесіндегі маңызды буындардың бірі болып саналады. Олар қысқа уақыт ішінде науқастарды қажетті медициналық мекемелерге жеткізіп, адам өмірін сақтап қалуға зор үлес қосады.