6 ұл мен қыздың әкесі

6 ұл мен қыздың әкесі

Ұлан ауданы ТЖБ-ның Таврия ауылы №12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Айдар Бөлекбаевтың 7 баласы бар. Оның алты ұлы және қызы бар.
Айдар Бөлекпаев өрт сөндіру қызметінде 22 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол көптеген өрттерді сөндіруге қатысқан. Атап айтқанда, Күршім ауданы мен Алтай ауданындағы, сондай-ақ Абай облысындағы табиғи өрттерді ауыздықтауға өз үлесін қосты.
Әкелер күніне орай ол балаларын өрт сөндіру бөліміне экскурсияға апарып, өзінің қызметі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, әріптестерімен бірге адамдарға көмек көрсету үшін пайдаланатын заманауи техникаларды көрсетті.
Бақытты әке балалардың дүниеге келуіне шексіз қуанышты екенін айтып, осындай бақытты әрбір адамға тіледі.