Медицина қызметкерлері арасындағы кәсіби шеберлік байқауы

Медицина қызметкерлері арасындағы кәсіби шеберлік байқауы

Медицина қызметкері күніне орай Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Үздік дәрігер» және «Үздік фельдшер» байқауы өткізілді.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Төтенше жағдайларға ден қою жүйесінің дәрігерлері мен фельдшерлері теориялық тестілеуден өтіп, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибелік дағдыларын көрсетті.

Жарақаттар, қан кету және басқа да шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету бойынша өткен сайыс қорытындысы бойынша Владимир Зайцев «Үздік дәрігер» атанса, Қанат Қинаятов «Үздік фельдшер» атағына ие болды. Олар жоғары кәсіби дайындықтарын, терең білімдерін және практикалық дағдыларын көрсетті.

Мұндай іс-шаралар Апаттар медицинасы орталығы мен құтқару бөлімшелерінің медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін насихаттауға, сондай-ақ азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсету тәжірибесімен алмасуға бағытталған.