Асфальттағы сурет байқауы

Асфальттағы сурет байқауы

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ШҚО ТЖД бөлімшесінің базасында балалар арасында асфальтқа сурет салу байқауы өтті.

«Асфальтқа бормен сурет салу – баланың ішкі әлемін, оның қауіпсіздік мәселелерін қалай түсінетінін және қабылдайтынын көрсетудің тамаша тәсілі», – деп бөлісті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов. «Шығармашылық арқылы қоршаған ортаны тану және пайдалы ақпаратты жеткізу жүзеге асады. Біздің жағдайда бұл – төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер мен құтқарушы мамандығын насихаттау».

Балалар көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоцияларға бөленді.