
Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында ШҚО ТЖД қызметкерлері өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Шартты түрде жану оқу орнының акт залында болды. Автоматты өрт дабылы іске қосылған кезде мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері балаларды эвакуациялауды тез және тыныш ұйымдастырды. Барлық оқушылар мен оқытушылар қысқа мерзімде мектеп ауласындағы қауіпсіз аймаққа көшіп, сабақтан кетті.
Дабыл сигналы бойынша өрт сөндіру есептоптары келді. ТЖД қызметкерлері жеңдік желілерді ашып, нақты шақыру кезінде кәсіпқойлардың қалай әрекет ететінін көрсетті.
Сондай-ақ, өрт сөндірушілер ғимаратта жаттығу аңызына сәйкес мектеп ғимаратынан өз бетінше шыға алмаған зардап шеккендерді іздеу және құтқару жұмыстарын жүргізді. Оларға арнайы капюшондар киіліп, қауіпті аймақтан шығарылып, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне берілді. Дәрігерлер зардап шеккендерді тексеріп, оларға алғашқы көмек көрсетті.
Мектеп оқушылары мен оқытушылар құрамы жаттығу кезінде өрт кезіндегі іс-әрекеттер бойынша өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, кәсіпқойлардың нақты және үйлесімді жұмысын өз көздерімен көрді.
Нақты жағдайға барынша жақын жағдайда өрт туындаған кезде бүкіл мектеп ұжымы мен өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің іс-қимылдарының үйлесімділігі пысықталды.