
Ұлан ауданы ТЖБ К. Қайсенов кенті №10 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті Әйгерім Рахатова 2026 жылдың 15-18 мамыры аралығында Түркия Республикасының Анталия қаласында өткен кикбоксингтен Әлем чемпионатында Қазақстан Республикасының намысын абыроймен қорғады.
56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен тартысты және әсерлі жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Әйгерім Рахатова алтын медаль жеңіп алып, кикбоксингтен әлем чемпионы атанды. Халықаралық аренада ол спорт шеберлігінің жоғары деңгейін, тамаша физикалық дайындығын, мінезінің төзімділігі мен нағыз жауынгерлік рухын көрсетті.
ШҚО ТЖД қызметкерінің жеңісі азаматтық қорғау жүйесінің өкілдері жауапты қызметті үлкен спорттағы жетістіктермен сәтті ұштастыра алатыны жарқын мысалы болды. Оның жетістігі тек жеке табыс қана емес, сонымен қатар құтқарушылар ұжымының мақтанышы.