ТЖМ қызметкерлері су тұзағына түскен бұзауды құтқарды

ТЖМ қызметкерлері су тұзағына түскен бұзауды құтқарды

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Шыңғыстай ауылы маңындағы Бұқтырма өзенінің аралында қалып қойған жануарларға көмекке келді.

Өзендегі су деңгейі көтерілгеннен кейін сиыр мен бұзау судың ортасында қалып қойған. Жануарлар жағаға өз бетімен шыға алмағандықтан, иесі құтқарушылардан көмек сұрады.

Хабарлама түскен бойда ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел аттанды. Құтқарушылар жүзу құралы арқылы аралға жетіп, бұзауды жағаға эвакуациялады. Ал сиыр иесінің соңынан еріп, судан аман-есен шықты.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!