
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ШҚО ТЖД басшылығы мен қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, әскери қызметшілер, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Шығыс Қазақстаннан соғысқа дейінгі және соғыс жылдарында 182 604 адам әскерге шақырылды. Олардың 95 870-і майдан даласында қаза тапты.
Шығыс қазақстандықтар барлық әскер түрлерінде қызмет етіп, барлық майдандарда соғысып, ерлік, табандылық және батылдық көрсетті.
Рәсім соңында қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.