Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-де Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-де Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Іс-шара барысында ардагерлер мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерін ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов құттықтап, сөз сөйледі: «Сіздерді Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Біз Ұлы Жеңісті жақындатқан ардагерлеріміздің ерлігімен мақтанамыз. Олардың қаһармандығы мен жанқиярлығы – ұрпаққа мәңгі үлгі. Бүгінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері бейбіт күннің батырлары ретінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жолында аянбай еңбек етуде».

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің атынан ерекше көзге түскен қызметкерлер алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ арнайы атақтар мен ведомстволық медальдар табысталды.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің рәмізі» медалімен қызмет ардагері Ғабдулқайым Бегалин марапатталды. Ол төтенше жағдайлар қызметінің қалыптасу кезеңінен бастап, оның дамуына зор үлес қосты.

ШҚО ТЖД құтқарушылары қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерін де ұмытпайды. Салтанатты іс-шара бір минут үнсіздікпен басталып, қатысушылар жер бетіндегі бейбітшілік үшін жанын қиған барлық батырлардың, сондай-ақ қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан шығыс қазақстандық құтқарушылардың рухына тағзым етті.