Өмірді құтқарып жүр

Өмірді құтқарып жүр

Өрт сөндірушілер – бұл өзгелердің қауіпсіздігі үшін күн сайын өз өмірлерін қатерге тігетін жандар. Олардың еңбегі асыра бағаланады, себебі әрбір шақыртудың артында құтқарылған адам өмірі  қайғының алдын – алу және біреудің сақталған үміті тұрады.                                                                              Өскемен қаласының №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Дидар Заменов ТЖМ жүйесінде 2012 жылдан бері қызмет атқарады. Қызметін өрт сөндіруші лауазымынан бастаған. Табиғи және ірі өндірістік нысандардағы өрттерді сөндіруге, төтенше жағдайларды жоюға бірнеше рет қатысқан.
Бірде Өскемен қаласында Достық көшесіндегі жеке тұрғын үй аумағында уақытша салынған құрылыстың ағаш шатырлары өртенген. Барлау барысында бөлімше командирі Заменовтің жетекшілігіндегі газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны үй-жайға кіріп, ес-түссіз жатқан ер адамды тауып алды. Зардап шегушіні Дидар Заменов пен оның әріптестері құтқарып, реанимациялық көмек көрсетті.
Дидар – екі қыздың әкесі. Қыздары тәулік бойы кезекшілікте жүрген кезде әкесін уайымдап, үйге аман оралуын күтеді. Осындай жақындарының қолдауы оған қиын қызметті абыроймен атқаруға күш береді.

№7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі әрдайым спортқа уақыт табады, бұрын өрт-құтқару спортымен айналысқан, қазір де жаттығу залында салауатты өмір салтын ұстанады.

«Адам өмірі үшін жауапкершілікті сезіну әрқашан жауынгерлік дайындықта болуға жетелейді», – дейді Дидар.