
Казцинк қорғасын зауытының аумағында, электролиз цехының балқыту бөлімінде шаң ұстау құрылғысының жарылысы болып, кейіннен өрт шықты.
Құтқарушылар келген сәтте ашық жану байқалды. ТЖМ күштерімен өрт 120 шаршы метр ала4да толық сөндірілді, сондай-ақ цех құрылымдарының 220 шаршы метр аумақта құлауы орын алды.
Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті: 2-еуі қаза тауып, 2-еуі ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Апат салдарын жоюға шамамен 80 адам жеке құрам, 18 техника бірлігі, командалық-штабтық машина, ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараты, кинологиялық есептоптар және Апаттар медицинасы орталығының бригадасының дәрігерлері жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізілуде. ТЖД-да жедел желі телефоны жұмыс жасауда: 8 (7232) 55-38-19.