ШҚО-да құтқарушылар ауыр науқасқа көмек көрсету үшін тікұшақ жұмылдырды

ШҚО-да құтқарушылар ауыр науқасқа көмек көрсету үшін тікұшақ жұмылдырды

Бүгін Алтай ауданында, қолжетімсіз таулы аймақта орналасқан шалғай омартада 1964 ж.т. ер адамға шұғыл медициналық көмек қажет болды. Науқасты тасымалдау үшін ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды. Бортта Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен құтқарушылар болды.

«Қазавиақұтқару» кәсіби ұшқыштары Сергей Пинигин, Олег Алфеев, Айдар Мамырханов тікұшақты басқарып, жерүсті көлігі жете алмайтын, өзен өткелдері бар күрделі таулы аумақтан өтті. Оқиға орнына жеткен соң дәрігерлер науқасты қарап, құтқарушылармен бірлесіп оны әуе арқылы эвакуациялап, медициналық мекемеге жеткізді. Ұшу барысында Апаттар медицинасы орталығының мамандары науқастың жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.

✅ Ер адам одан әрі ем алу үшін Алтай қаласының медициналық мекемесіне тапсырылды.