ТЖМ тікұшағы ШҚО-да баланы шұғыл түрде тасымалдады

ТЖМ тікұшағы ШҚО-да баланы шұғыл түрде тасымалдады

«Қазавиақұтқару» пилоттары Сергей Пинигин, Олег Алфеев, Айдар Мамырханов шұғыл санитарлық операция жүргізді. ТЖМ тікұшағы төрт жастағы баланы Катонқарағай ауданынан Өскемен қаласына жеткізді.

Бортта санавиация дәрігерлері Рафаиль Халитов пен Назым Бейсенбаева болып, науқастың жағдайын бақылап отырды.

Ұшу сәтті өтті, бала әрі қарай ем алу үшін облыс орталығындағы медициналық мекемеге тапсырылды.

ҚР ТЖМ авиациялық бөлімшелері тәулік бойы дайындықта болып, шалғай елді мекендерден түсетін шақыртуларға жедел әрекет етеді. Себебі кей жағдайларда жерүсті тасымалдау көп уақытты қажет етеді.