Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталуда

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталуда

Облыс аумағында қалыптасқан құрғақ әрі ыстық ауа райына байланысты өрт қаупі сақталуда. Өңірде ШҚО ТЖД қызметкерлері, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған 50 мобильді топ жұмыс істеуде. Бірлескен рейдтер өрттердің алдын алуға бағытталған.

Қазіргі уақытта Күршім, Самар аудандарында және Өскемен қаласында өрт қауіптілігінің төртінші класы тіркелген.

Әуеден бақылау жұмыстарын жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылуда.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 336 және 410-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

«Өрт қауіпті кезеңде барынша сақ болған жөн. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау – өз қауіпсіздігіңіздің, мүліктің және қоршаған ортаның сақталуының кепілі. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйлердің, саяжай кооперативтерінің аумақтарын құрғақ шөптен, қоқыстан және басқа да жанғыш материалдардан уақтылы тазарту қажет», – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов.

Алдағы мамыр мерекелері кезінде тұрғындар табиғат аясында және саяжай учаскелерінде уақыт өткізетіндіктен, ШҚО ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады: ерекше өртке қарсы режим кезеңінде орман аумақтарына баруды шектеңіздер.
•Ашық отты пайдалану кезінде абай болыңыздар
•От жақпаңыздар
•Жол жиегімен жүрген кезде автокөлік терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыздар
• Құрғақ шөпті өртеуге жол бермеңіздер

Саяжай учаскелерінде міндетті түрде өрт сөндіргіш және көлемі кемінде 200 литр су құйылған ыдыс болуы қажет.

ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, заңда кәуап пісіруге тыйым салынбаған, алайда оны өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып жасау қажет:
• Мангалды тек арнайы жабдықталған, жанғыш қоқыстардан тазартылған алаңдарда пайдалану керек. Ғимараттар мен құрылыстардан арақашықтық кемінде 10 метр болуы тиіс.
• От тұтатуға бензин немесе басқа да тез тұтанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыздар
•Мангалда от жаққаннан кейін оны қараусыз қалдырмаңыздар
•Желді ауа райында ешқандай жағдайда от жақпаңыздар
•Пайдаланғаннан кейін отты толық сөндіріп, мангалдың бетін қақпақпен жабыңыздар

Өрт анықталған жағдайда дереу «101» және «112» нөмірлеріне хабарлау қажет