
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері, әдетте, шөптің жану жағдайлары күрт артады. Өңірде тәулігіне шөп өртін сөндіруге шығу саны шамамен 10–15 жағдайды құрайды. Облыс аумағында жалпы ауданы 176,5 гектарды құрайтын 16 дала өрті тіркелді.
Жағдайды тұрақтандыру және халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында ШҚО ТЖД және Өскемен қаласы ТЖ басқармасының мамандары саяжай учаскелерінде профилактикалық рейд ұйымдастырды. Бұл жерлерде өрттер көбіне от жағу, шөпті өртеу, қоқыс жағу салдарынан туындайды. ТЖ қызметкерлері дрон арқылы жағдайды бақылап, құқық бұзушылық анықталған жағдайда ең тар саяжай көшелерімен де жүре алатын маневрлі квадроциклмен жетіп барды.
Саяжай иелеріне учаскелерде қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керектігі және жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілік түсіндірілді