
Өскемен қаласында ШҚО ТЖД қызметкерлері II республикалық «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» кубогы турнирінде жоғары нәтиже көрсеткен әріптес-спортшыларды салтанатты түрде қарсы алды.
Спортшылар туған қаламызға оралған сәтте оларды қошеметпен, әуенмен және көрсеткен қайсарлықтары мен өңір намысын лайықты қорғағандары үшін алғыс сөздермен қарсы алды.
ШҚО ТЖД құтқарушы-спортшылары тамаша дене дайындығын, жылдамдықты, дәлдікті және жоғары техникалық шеберлікті көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
— Максим Черносвитов шабуыл сатысымен көтерілу бойынша чемпион атанып, қоссайыс бойынша күміс жүлдеге ие болды;
— Николай Буторин 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеруде жеңіске жетіп, қоссайыс бойынша қола жүлдегер атанды;
— Валерия Поволодская «шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасында жартылай финалға шықты.