
Шемонаиха ауданында, Усть-Таловка кентінің батыс шетінде ашық аумақта құрғақ шөптің жануы орын алды. Желдің екпіні салдарынан өрт тез таралды.
Оқиға орнына Усть-Таловка кентіндегі «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері және ПЧ-28 өрт сөндірушілері келіп, өртті 7 гектар аумақта сөндірді.
Жақын орналасқан өрт сөндіру бекетінің жедел келуінің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.