Азаматтық қорғау саласындағы дайындықты арттыру

Азаматтық қорғау саласындағы дайындықты арттыру

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қауіпті өндірістік объектілердің басшыларына оқыту өткізді.

Сабақ барысында Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнама талаптары жеткізілді, сондай-ақ облыс аумағына және жалпы елге тән ықтимал төтенше жағдайлар қаралды.

Жер сілкінісі мен өрт кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қосымша зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша тәжірбиелік дағдылар пысықталды.

Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу басшылық құрамның төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, ықтимал тәуекелдерді азайту, персонал мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды екені атап өтілді.