Риддер қаласында құрылысшылар өрт кезінде тұрғынды құтқарып қалды

Риддер қаласында құрылысшылар өрт кезінде тұрғынды құтқарып қалды

Риддер қаласындағы Қонаев көшесінде орналасқан тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін осы үйде жұмыс жүргізіп жатқан «PRO MONTAZH KZ» ЖШС-нің монтажшылары — Серик Жусамбаев, Бекзат Молдияров және Ермек Сарсенов 1950 жылы туған ер адамды түтінге толы пәтерден құтқарып қалды.

Көмек сұраған дауысты естіген монтажшылар баспалдақ арқылы түтінге оранған пәтердің терезесіне көтеріліп, үй иесін таза ауаға алып шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері пәтердегі өртті 2 шаршы метр аумақта сөндірді.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.