Көктемгі-жазғы кезеңде тапсырмаларды орындауға дайындық

Көктемгі-жазғы кезеңде тапсырмаларды орындауға дайындық

ШҚО ТЖД-де жазғы киім нысанына көшуге байланысты жеке құрамның саптық байқауы өткізілді.

Байқау барысында нысанды киім киюге қойылатын талаптардың сақталуы, қызметкерлердің сыртқы келбеті, сондай-ақ саптық дағды мен қызметтік тәртіп деңгейі тексерілді.

Жазғы киім нысанына көшу белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады және қызмет өткерудің тиісті жағдайларын қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларға ден қою кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарының ұтқырлығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

ШҚО ТЖД басшылығы сыртқы келбеті мен тәртібіне қойылатын бірыңғай талаптарды сақтау, қызметтің ажырамас бөлігі болып табылатынын және азаматтық қорғау органдарының имиджіне тікелей әсер ететінін атап өтті.