Мемлекет мүддесі мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет ету

Мемлекет мүддесі мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет ету

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жаңадан қабылданған қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Азаматтық қорғау органдарының қатарына кіре отырып, жас сазбаздар жоғары жауапкершілік, қатаң тәртіп және тұрақты жауынгерлік дайындық жағдайында қызметке дайын екендіктерін растады. Ант Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау, қойылған міндеттерді тиімді орындау және халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету міндетін бекітеді.

Сондай-ақ, «азаматтық қорғау лейтенанты» бірінші кезектегі атақтары берілді.

Азаматтық қорғау органдарын жүйелі дамыту, материалдық-техникалық базаны жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу және жеке құрамды даярлау деңгейін арттыру Төтенше жағдайлар Министрлігі қызметінің басым бағыттары болып табылады.

«Мемлекет біздің алдымызға азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойып отыр. Азаматтық қорғаудың барлық жүйесінің тиімділігі кәсіби даярлыққа, тәртіп пен жеке жауапкершілікке байланысты», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.