ШҚО-да су-құтқару көпсайысы бойынша 8-ші облыстық турнир өтті

ШҚО-да су-құтқару көпсайысы бойынша 8-ші облыстық турнир өтті

Жарысқа 15-18 жас аралығындағы әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары, жас құтқарушылар мектептері мен колледж студенттері қатысты. Спорттық іс-шара қалалық бассейн базасында ТЖ қызметі қызметкерлері мен Апаттар медицинасы орталығы дәрігерлерінің бақылауымен өтті.

Алдымен жастар 25 метр қашықтықта еркін жүзу стилі бойынша бақ сынасты. Кейін оларды командалық аралас эстафета күтіп тұрды, онда қатысушылар суда зардап шеккендерді құтқару дағдыларын көрсетті.

«Шомылу маусымы қарсаңында жастарды суда қауіпсіздік ережелеріне үйретуге ерекше көңіл бөлінеді. Жарыс барысында қатысушылар тек физикалық дайындық деңгейін көрсетіп қана қоймай, суға батқан адамды құтқару және алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық әрекеттерді де пысықтайды. Мұндай іс-шаралар жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастырып, жазғы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ШҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Алмас Байжуминов.

Құзыретті қазылар алқасы, оның құрамына құтқарушылар мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері кірді, тапсырмалардың дәлдігіне, дұрыстығына және орындалу жылдамдығына қатаң бақылау жасады.

– Бізге жарыстар өте ұнады, әсіресе құтқару эстафетасы, – дейді турнир қатысушылары. Бізге құтқару жилеттерімен жүзуге тура келді, бұл оңай емес екен. Зардап шеккендерді дұрыс шығарып, құтқаруды үйрендік. Бұл өмірде өте қажет болуы мүмкін.

Жеңімпаздар келесідей анықталды: 1-орынды IT-мектеп-лицей командасы иеленді, 2-орын политехникалық колледж командасына бұйырды, ал 3-орынды №49 орта мектеп командасы алды.