Өскемендегі өрт сөндірушілер өрт кезінде ер адамды құтқарды

Өскемендегі өрт сөндірушілер өрт кезінде ер адамды құтқарды

Қабанбай батыр көшесінде өрт үшінші қабатта орналасқан пәтерде шықты.

Оқиға орнына келген құтқарушылар тұрғын пәтердің терезесінен қалың түтінді көрді. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құра отырып, өрт сөндірушілер пәтерге кіріп, 1936 жылы туған ер адамды құтқарды. Реанимациялық іс-шараларды өткізгеннен кейін ол есін жинап, жедел жәрдем дәрігерлеріне медициналық мекемеге жатқызу үшін тапсырылды.

10 шаршы метр алаңдағы өрт тез арада сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.