
«Қазавиақұтқару» пилоттары Сергей Пинигин, Айдар Мамырханов және Шыңғысхан Есімханов санитариялық авиация дәрігерлері Айгүл Құдербаева мен Назым Бейсенбаевамен бірлесіп 1962 жылы туған, шұғыл медициналық көмек қажет пациентті Зайсан қаласынан Өскемен қаласына тікұшақпен тасымалдады.
Ұшылым сәтті өтті. Пациент дәрігерлерге тапсырылды және мамандардың бақылауында жатыр.
ТЖМ тікұшақтары ең күрделі жағдайларда көмекке келеді. Олар пациентті медициналық мекемеге тез жеткізуге мүмкіндік береді, тіпті елді мекендер бір-бірінен алыс болса да.