Қайтыс болғаннан кейін «Төтенше жағдайдайғы ерлігі үшін» медалімен марапатталған

Қайтыс болғаннан кейін «Төтенше жағдайдайғы ерлігі үшін» медалімен марапатталған

Адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ҚР ТЖ Министрінің бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен қайтыс болғаннан кейін Нұрахмет Қымбат марапатталды.
Марқұмның отбасына марапатты ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов табыс етті.
2025 жылдың 21 маусымында Нұрахмет Қымбат Марқакөл ауданында Ертіс өзенінің маңында демалып жүрген, көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп, суға батып бара жатқан екі адамды байқап, оларды дереу құтқаруға асыққан. Алайда, күшті ағымның салдарынан, табиғаттың тосын күшіне төтеп бере алмады, нәтижесінде өзі қаза тапты.
Нұрахмет Қымбат өз өмірін басқалар үшін қатерге тігіп, шынайы азаматтық борышын, батылдығы мен жанқиярлығын көрсетті. Оның әрекеті-адам өмірі ең жоғары құндылыққа айналған сәттегі ерлік пен жоғары жауапкершіліктің жарқын үлгісі.