Өмір жолындағы ерлік

Өмір жолындағы ерлік

  Адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтың бұйрығымен Нұрахмет Қымбат «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен қаза болғаннан кейін марапатталды. Марапатты марқұмның отбасына ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов табыстады.

  Еске сала кетейік, 2025 жылғы 21 маусымда Нұрахмет Қымбат Марқакөл аумағында Ертіс өзенінде демалып жүрген. Көмек сұраған дауысты ести сала, ол суға кетіп бара жатқан екі адамды байқап, бірден оларды құтқаруға кірісті. Алайда қатты ағыс салдарынан өзі қаза тапты.

  Өз өмірін қатерге тігіп, өзгелерді құтқаруға ұмтылған ол азаматтық борыштың, ерлік пен жанқиярлықтың биік үлгісін танытты. Оның бұл қадамы – адам өмірін ең жоғары құндылық ретінде бағалайтын асқақ рух пен үлкен жауапкершіліктің айқын көрінісі.