ШҚО ТЖД қоян-қолтық ұрыс спортшылары – Чемпионат жүлдегерлері атанды

ШҚО ТЖД қоян-қолтық ұрыс спортшылары – Чемпионат жүлдегерлері атанды

Қарағанды қаласында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Әр салмақ дәрежесінде спортшылар бірінен соң бірі рингке шығып, тартысты әрі әсерлі жекпе-жектер көрсетті. Әрқайсысы жеңіске жетуге ұмтылды.

ШҚО ТЖД спортшы қыздары команданы лайықты таныстырып, жоғары нәтиже көрсетті.

Жеке есепте 58 кг салмақ дәрежесінде Айшагүл Елеубаева 2-орын, ал Айгерім Рахатова 3-орын иеленді.

Қыздарымызды осы жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Оларға шеберліктерінің артып, жаңа жетістіктерге жете беруін тілейміз!