Шығыс Қазақстан облысында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды

Шығыс Қазақстан облысында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында, Ақбұлақ ауылдық округінде ТЖД, ПД қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бірлесіп 1965 ж.т. ер адамды іздеді.

Ақпарат бойынша, ол мал бағу үшін шаруа қожалығынан жылқымен шығып, белгіленген уақытта қайтып оралмаған, содан кейін ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылған.

Іздестіру жұмыстары түні бойы жүргізілді. Нәтижесінде ер адам Маубас пен Доғалбай фермаларының арасынан табылды.

Абырой болғанда, ол зардап шекпеген және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.