Қызмет дәстүрі

Қызмет дәстүрі

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ведомство қызметкерлерін құрметті демалысқа шығарып салуға арналған іс-шара өтті.

ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов жаңадан зейнеткер атанған қызметкерлерге кәсібилігі мен жанқиярлық еңбегі үшін шынайы алғысын білдірді.

«Сіздердің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Көп жылдар бойы сіздер қызметтің дамуына елеулі үлес қосып, жоғары жауапкершілік пен өз істеріңізге адалдықтың үлгісін көрсеттіңіздер. Сіздер жас құтқарушылар үшін нағыз үлгісіздер», – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Әріптестері зейнетке шыққан қызметкерлерге зор денсаулық, амандық және өмірлерінің жаңа кезеңінде жаңа мақсаттар мен жетістіктер тіледі. Сондай-ақ олардың еңбегі төтенше жағдайлар қызметінің тарихында айрықша орын алатынына сенім білдірді.

Қызметтік міндеттерін атқару барысында көрсеткен ерлігі, жанқиярлығы, жоғары кәсібилігі және Антқа адалдығы үшін Департамент қызметкерлері «Ақ жол» партиясының «Апатпен күрескені үшін» медалімен марапатталды. Марапаттарды «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шынар Борангалиева табыстады.

Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлерге кезекті арнайы атақтары берілді.

ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов атап өтті: «Біз күн сайын қиындықтар мен қауіп-қатерлерге тап боламыз, алайда бірлік, өзара көмек және иық тіресе білу бізге кез келген сынақты еңсеруге мүмкіндік береді. Біздің жұмысымыз – тек бүгінгі күнге емес, елдің болашағына қосылған үлес».

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторлары болып қала береді.