Өскемен қаласында құтқарушылар оқушыларға ерлік сабағын өткізді

Өскемен қаласында құтқарушылар оқушыларға ерлік сабағын өткізді

ШҚО ТЖД қызметкерлері № 48 мектеп оқушыларымен кездесіп, азаматтық қорғау саласындағы қызметтері туралы баяндады. Ұлдар мен қыздар құтқарушылардың батылдық танытып, ірі апаттарда, төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға үнемі қатысатынын білді. Құтқарушылардың күн сайын, өз өмірлерін қатерге тіге отырып атқаратын жұмысының маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Олардың жұмысының нәтижесі-құтқарылған адам өмірі.

Өзінің ерлікке толы мамандығы туралы Өскемен қ. №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ринат Жылқышинов айтып берді.

«Менің мамандықтағы жұмыс өтілім-18 жыл. Көптеген адамдар үшін құтқарушы болу — бала күнгі арман. Біз әрдайым моральдық және психологиялық тұрғыдан кез келген жағдайға дайын болуымыз қажет, өйткені жиі адамдардың қайғысымен бетпе-бет келеміз.  Өткен жылдың 17 желтоқсанында мені «ерігі үшін» медалімен марапаттады, бұл марапатты өрт кезінде әйелді құтқарғаным үшін алдым. Пәтерде тоңазытқыштағы қысқа тұйықталу салдарынан жиһаз, есік, терезелер өртенді. Барлау барысында түтінге толы пәтердің бір бөлмесінен әйелді байқап, оны сыртқа алып шықтым», – деп бөлісті Ринат Жылқышинов.

Кездесу соңында оқушылар ерлік тек соғыс даласында немесе өрт ішінде ғана емес екенін түсінді. Ерлік — бұл күнделікті еңбек, жауапкершілік, әрқашан көмек көрсетуге дайын болу, дәл осы қасиеттер адамды нағыз азамат етеді.