
Шығыс Қазақстан облысында Апаттар медицинасы орталығы мен ТЖМ «Қазселденқорғау» қызметкерлері жаңа заманауи нысанды киім алды. Жаңартылған жабдық өңірдің күрделі климаттық жағдайларында қызметтік міндеттерді орындау кезінде жайлылықтың жоғары деңгейін, сенімді қорғауды және функционалдылықты қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне өтімділігі жоғары жаңа автокөлік берілді. Арнайы техниканың кілтін Департамент бастығы Рашид Блялов табыстап, жаңа техника азаматтарды құтқару кезінде жеделдікті арттыруға және оқиға орнына келу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайту қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға және қызмет атқару үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді. Бұл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖ жедел әрекет ету үшін маңызды қадам.