
Өскемен қаласында, «Буревестник» саяжай қоғамы ауданында ересектердің қарауынсыз ойнап жүрген жеті жастағы бала қарға батып, шыға алмай қалған. Баламен бірге ойнап жүрген басқа балалар құтқарушыларды шақырған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары баланы абайлап қар құрсауынан шығарып алды.
Бала зардап шеккен жоқ.
ТЖМ ата-аналарға ескертеді: балаларды қараусыз қалдырмаңыз және олардың қауіпсіздігін әрдайым бақылауда ұстаңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.