
Марина Лискова 1984 жылы 4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетін «Журналист» мамандығы бойынша және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Тіршілік және қоршаған орта қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
Азаматтық қорғау органдарында 2005 жылдан бастап қызмет етеді. Қызмет барысында ол өзін тәртіпті, жауапты және кәсіби қызметкер ретінде көрсетті.
2020 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі болып табылады, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады, бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс істейді, азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ресми хабарламалар, брифингтер мен профилактикалық материалдарды дайындауға қатысады.
Төтенше жағдайлар аймағында жұмыс тәжірибесі бар, қоғамдық және профилактикалық іс-шараларға, ТЖД бөлімшелері өткізетін акцияларға белсенді қатысады. Адал қызметі үшін Департамент басшылығы бірнеше рет көтермелеген.
2024 жылы мемлекеттік мекемелер арасында ШҚО үздік баспасөз хатшысы болып танылды.
https://www.instagram.com/liskova_marina?utm_source=qr&igsh=MWdjNDN3MXBhZjZlaw==
https://www.tiktok.com/@user8240093780078?_r=1&_t=ZS-950P9RTNzNJ