
Облыста ауа температурасының жоғарылауы байқалып, қардың қарқынды еруі басталды.
Құтқарушылар өзендердің мұздан ашылу барысын бақылап, су тасқыны қаупі бар учаскелерді ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып тексеруде.
Аталған жұмыстар жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалауға, сондай-ақ тасқын қаупі туындаған жағдайда уақтылы шаралар қабылдауға бағытталған.
Бақылау нәтижелері бойынша гидрологиялық жағдай тұрақты екені анықталды. Облыстың көптеген өзендерінде мұз құбылыстарының әлсіреуі байқалады, ал кейбір өзендерде мұздан ашылу жүріп жатыр. Қауіп төндіретін су деңгейінің көтерілуі тіркелген жоқ.