
ҚР ТЖМ Қасым Қайсенов атындағы № 68303 әскери бөлімінің жеке құрамы Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар кешенін жүргізуде.
Басты назар су өткізу, арықтар мен су өткізу арналарын тазартуға аударылды, бұл тұрғын аумақтарды су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді - су тасқыны қаупі төнген кезде қауіпсіздік шаралары мен іс-қимыл тәртібі бойынша ұсыныстар жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.
Өткізілген іс-шаралар барысында әскери қызметшілер 450 қап дайындап, 3800 м. арық жүйесін, 19 су өткізу құбыры мен 7 көпірді тазалады.