
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында газ және газбен жабдықтау саласында профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары Өскемен қаласының газ-техникалық инспекциясымен бірлесіп, жұмыс істеп тұрған мониторингтік топ құрамында қоғамдық тамақтану нысандарында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында газ плиталары мен баллондардың техникалық жағдайына тексеру жүргізіліп, сондай-ақ қызметкерлер мен нысан иелерімен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Мамандар газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік талаптарын еске салды.
Ақаулы жабдықты пайдалануға, газ құрылғыларын өз бетінше орнатуға, сондай-ақ белгіленген нормалар мен талаптарды бұза отырып газ баллондарын сақтауға жол берілмейтініне ерекше назар аударылды, өйткені бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.