
Шығыс Қазақстан өзендерінде көктемгі су тасқыны кезінде судың еркін өтуін қамтамасыз ету үшін жарылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұндай алдын алу шаралары екі күн ішінде Алтай ауданы Богатырево, Зубовск, Быково ауылдарында Бұқтырма өзенінде өтті. Мұздың жалпы ауданы 52245 шаршы метрді құрады.
Осындай су тасқынына қарсы жұмыстар Үлкен Нарын ауданында, Бұқтырма өзеніндегі Сенное ауылында 9076 ш. м. алаңда жүргізілді.
"Жарылыс жұмыстары елді мекендерге қауіп төндірмей, біртіндеп мұздан өтуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еркегенов.