
ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев, ҚР ТЖМ өрт-құтқару спортын дамыту үйлестірушісі Мақсұт Есполов, командалардың өкілдері, төрешілер мен жаттықтырушылар құрамы қатысты.
Отырыс барысында ҚР өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Ұлттық құрамаларының жаттықтырушылар құрамының есептері тыңдалды. 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды.
18 наурыз чемпионаттардың ашылу салтанаты және шабуыл сатысымен көтерілу дисциплинасы бойынша жарыстың бірінші күні өтеді.