Құтқарушылар дәстүрді жаңғыртуда: тазы мен бүркіт баптауда

Құтқарушылар дәстүрді жаңғыртуда: тазы мен бүркіт баптауда

  Наурызнама онкүндігі аясында Қазақстанның ТЖМ бөлімшелерінде Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні атап өтілуде. Мереке халықтың бай мұрасын насихаттауға, ата-бабалардың салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын сақтауға бағытталған.

  Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тек азаматтардың қауіпсіздігін сақтап қана қоймай, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді сақтауға да үлес қосады.

  Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері азаматтық қорғау капитаны Дархан Абзалов ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлесін қосып келеді. Қызметтен тыс уақытында ол қазақ халқының ең көне өнерлерінің бірі «құсбегілік» дәстүрін сақтап, бүркіт баптау ісімен айналысады. Бұл бірегей салт-дәстүр табиғатқа терең құрметті, шыдамдылықты және шеберлікті талап етеді.

  Осындай мысалдар өскелең ұрпақ үшін маңызды бағдар болып табылады, ұлттық мәдениетті тануға, дәстүрлер мен әдет-ғұрыпқа құрметті нығайтуға ықпал етеді. Ұлттық құндылықтарды насихаттау қоғамның рухани байлығын арттырып, ұлттық бірегейлікті сақтауға қызмет етеді.