Құтқарушылар Азаматтық қорғаныс күніне орай балалар байқауының қорытындысын шығарды

Құтқарушылар Азаматтық қорғаныс күніне орай балалар байқауының қорытындысын шығарды

Биыл Азаматтық қорғаныс күні «Тұрақты әрі қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» ұранымен өтті. Осыған байланысты байқауға қатысу үшін қайта өңделген және табиғи материалдарды пайдалана отырып жеке қорғаныс құралдарын жасау барысы көрсетілген бейнероликтер ұсынылды.

Негізгі мақсат – қатысушыларға төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғау саласындағы білімдері мен дағдыларын дамытуға және көрсетуге мүмкіндік беру, сондай-ақ балалардың назарын қалдықтарды қайта өңдеу және екінші реттік шикізатты жинау мәселесіне аудару, экологиялық мәдениет деңгейін арттыру және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әрбір жұмыс өте қызықты әрі ерекше болды.

Байқау жеңімпаздары:

1-орын – София Казакова, Риддер қаласындағы М. Горький атындағы жалпы орта мектебінің 3-сынып оқушысы.

2-орын – Никита Бабишев, Алтай қаласындағы №6 орта мектебінің 4 «В» сынып оқушысы.

3-орын - Игорь Дерипаско, Өскемен қаласының № 30 мектебі

Байқау жеңімпаздарының жұмыстары ШҚО ТЖД-ның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Байқауға қатысып, өз таланттарын көрсеткен барлық балаларға, сондай-ақ қолдау көрсеткен ата-аналарға үлкен алғысымызды білдіреміз.