Шығыс Қазақстан өзендерінде мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмау және көктемгі су тасқыны кезінде судың еркін өтуін қамтамасыз ету үшін жарылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұндай алдын алу шаралары бүгін Алтай ауданы Тұрғысын ауылындағы Бұқтырма өзенінде өтті.
Өзенде 21160 шаршы метр ауданында мұзды бұзу бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді. Жалпы, мұндай жұмыстар облыс бойынша бірнеше учаскелерде жоспарланған.