
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданынан санитарлық авиация желісі бойынша шақырту түсті. Облыс орталығындағы медициналық мекемеге жаңа туған егіздерді шұғыл түрде әуе арқылы жеткізу қажеттілігі туындады.
"Қазавиақұтқару" жоғары білікті экипажы — Руслан Агламбеков, Азамат Кабден және Айдар Мамырханов — санитарлық авиация дәрігерлері Жұлдыз Абулова мен Татьяна Сергеевамен бірге тікұшақпен әуеге көтеріліп, ана мен сәбилерді Өскемен қаласына жеткізді.
ТЖМ "Қазавиақұтқару" ұшқыштары тіпті ең күрделі жағдайларда да тікұшақты басқара алады.