ШҚО ТЖД-де әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

ШҚО ТЖД-де әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Халықаралық әйелдер күні аясында қызметтік қызметінде ерекше көзге түсіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкер әйелдерді марапаттау рәсімі өтті. Құттықтау сөзбен ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов сөз сөйледі:
«Көктем мен сұлулық мерекесі қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, әрбір жаңа күн қуаныш әкелуін тілеймін. Ардагер әйелдерге ерекше алғысым мен шынайы құрметімді білдіремін. Біз – сіздерді мақтан тұтамыз. Төтенше жағдайлар жүйесінде қызмет ету үшін батылдық пен мықты мінез қажет. ТЖ жүйесіндегі әйелдер үлкен жауапкершілік жағдайында қызмет атқарады. Осы көктемгі күні сіздерге бақытты сәттер тілеймін. Сіздер әлемге сыйлайтын жан жылуы өздеріңізге еселеп қайтсын, бақыт, жақсылық және амандық әкелсін» деді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.
ШҚО ТЖД бастығының атынан қызметтік міндеттерін жедел әрі сапалы орындағаны, кәсіби бастамашылдығы үшін қызметкер әйелдер мен әр жылдары қызмет атқарған ардагер әйелдер марапатталды.
ШҚО ТЖД әйелдерін құттықтауға Ардагерлер кеңесінің өкілдері де қатысты.
Іс-шараны құтқарушылардың өздері дайындап, орындаған музыкалық нөмірлермен аяқталды.