
Халықаралық әйелдер күні аясында ШҚО ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік акциясын өткізді. Акция барысында тұрғындарға өрттің алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау қаншалықты маңызды екені түсіндіріліп, әр үйде өрт сөндіргіш пен көміртек тотығын анықтайтын датчиктің болуы қажет екені айтылды.
Акцияның мақсаты – 8 наурыз тек гүл сыйлайтын мереке ғана емес, бұл – жақындарыңның қауіпсіздігіне деген қамқорлық екенін еске салу.