
Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Шығыс Қазақстан облысында өзендердегі мұзды ұсақтау жұмыстары басталды.
Бүгін Шемонаиха ауданында, Усть-Таловка ауылы маңында, Уба өзеніндегі теміржол көпірі ауданында 8208 шаршы метр аумақта жару жұмыстары жүргізілді.
Аталған аумақта жару жүргізілген жерлерде өзендегі мұздың қалыңдығы шамамен 50 сантиметрді құрайды.
Жүргізілген жұмыстар өзеннің су өткізу қабілетін арттыруға және мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді.