
Гаухар Байчикова, Апаттар медицинасы орталығының фельдшері, өз жұмысындағы ең бастысы – жауапкершілік деп санайды. Мамандықты жүрек қалауымен таңдаған. Гаухардың айтуынша, бала кезінен-ақ ол өзіне басқа жолды елестете алмаған. Медицинаны әжесінің кеңесімен таңдаған.Адамдарға көмектесу оған әрдайым ұнайтын.
«Менен бұрын отбасымызда дәрігер болмаған. Өскемендегі медициналық колледжді тәмамдаған соң кәсіпорында фельдшер, онкодиспансерде медбике болып жұмыс істедім, кейін ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығына орналастым», – дейді Гаухар.
«Апаттар медицинасы орталығында жұмыс істеу маған жедел шешім қабылдауды үйретті. Кейде адамның өмірі санаулы секундтағы әрекетке байланысты болады», – деп түсіндірді ол. «Құтқарылған адам – ең үлкен марапат».
«Бірде қыста тасжолда кешкі іңірде бір әйелді автобус қағып кетті. Біз тез жетіп, зардап шеккен адамға алғашқы шұғыл көмек көрсеттік. Кейін осы оқиға туралы деректі фильм де түсірілді, ал әлгі әйелмен кейін кездесіп, ол бізге шексіз алғысын білдірді. Өте қуанышты сәт болды», – деп күлімдеді Гаухар. Қиын жұмысты еңсеруге оған отбасысы мен әріптес достары көмектеседі. Олармен бірге ол өзін үйдегідей сезінеді. «Біздің Апаттар медицинасы орталығы командасының күші – бірлікте», – дейді фельдшер.
Гаухардың қызы анасының жұмысынан алатын қуанышын көріп, оның жолын қууды ұйғарған. Астанадағы медициналық академияны бітіріп, жуық арада кардиолог болады.Ал тағы бір қызының сүйікті ісі – музыка. Шығармашылыққа құштарлық анасынан дарыған. Гаухардың өзі бос уақытында тоқумен айналысады жылы киімдер тоқып, түрлі қолөнер бұйымдарын жасайды. Көп дүниесін балалар үйлеріндегі балаларға сыйлайды. Бұл оған үлкен қуаныш әкеледі екен.
Мереке қарсаңында Гаухар Байчикова барлық әйелдерге ешқашан мойымауды, армандарына жетуді, отбасында амандық пен тыныштық болуын тіледі.
Ал нағыз әйел бақыты үшін тағы не керек?