Динара Кузнецованыӊ мамандығына деген сүйіспеншілігі

Динара Кузнецованыӊ мамандығына деген сүйіспеншілігі

Динара Кузнецова — Алтай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап азаматтық қорғаныс жүйесінде қызмет атқарады.
Ол төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау шараларына, су тасқыны мен қысқы кезеңге құжаттар дайындауға белсенді қатысады, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және басқарма қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Сонымен қатар Алтай ауданы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының жұмысын қамтамасыз етеді: отырыстарды дайындауға, хаттамалық шешімдерді рәсімдеуге және қабылданған ұсынымдардың орындалуын бақылауға қатысады.
Бос уақытында Динара Кузнецова жұбайы және балаларымен бірге ара шаруашылығымен айналысады. Сондай-ақ балық аулау мен туризмді ұнатады.
Қызметтік борышына адалдығы, мамандығына деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығы Динараға өз күрделі жұмысын лайықты атқаруға мүмкіндік береді.
Осындай мамандар үшін ТЖ жүйесінің бір бөлігі болу — үлкен жауапкершілік, ал отбасы — басты күш пен шабыт көзі.