
ШҚО ТЖД қызметкерлері мамандықтар жәрмеңкесіне қатысып, мектеп оқушыларына төтенше жағдайлардың алдын алу және адам өмірін құтқару жолындағы ерлікке толы қызмет туралы айтып берді.
Іс-шараның басты мақсаты – әрбір жасқа өз мамандығын табуға бағыт-бағдар беру. Адамдарды құтқару ісіне қызығушылық танытқан оқушылар мол пайдалы ақпарат алды. Шара белсенді әрі мазмұнды өтті.
Құтқарушылар талапкерлер мен қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар туралы түсіндіріп, төтенше жағдайлар саласындағы қызметтің артықшылықтары жөнінде толық ақпарат ұсынды.
Өз болашағын құтқару саласымен байланыстырғысы келетін жастар ТЖМ-нің мамандандырылған жоғары оқу орны туралы білді.
Мәлік Ғабдуллин атындағы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясы студенттерді несімен тартады?
- курсанттарға тегін тамақ, жатын орын және арнайы киім беріледі
- курсанттарға шәкіртақы төленеді
- оқуын аяқтағаннан кейін кепілді жұмысқа орналасу: әрбір түлекке төтенше жағдайлар құрылымында қызмет ұсынылады
- оқу бітірген соң лейтенант атағы беріледі
Осылайша, ТЖМ Академиясына түсу – баланы сапалы білім алуға және болашақ кәсіби мансабына қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етудің сенімді жолы.