Студенттер құтқарушы мамандығымен танысты

Студенттер құтқарушы мамандығымен танысты

Студенттер Өскемен қаласындағы №7 өрт сөндіру бөліміне барып, оңай емес, бірақ аса маңызды әрі мәртебелі мамандықтың қыр-сырымен танысты. Қонақтарға өрт сөндірушілер құтқару жабдықтарын, заманауи өрт сөндіру автокөліктерін көрсетіп, физикалық төзімділіктің маңыздылығын атап өтіп, нормативтердің бірін іс жүзінде көрсетті.

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері атап өткендей, төтенше жағдайлар қызметінде жұмыс істеу үшін тәртіптілік, көмекке әрдайым дайын болу, жедел шешім қабылдай білу және командада жұмыс істей алу қабілеті қажет.
Мамандықты қалай меңгеруге болатыны туралы ШҚО ТЖД кадр және тәрбие жұмысы басқармасының мамандары айтып берді. Студенттерге Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі, қабылдау шарттары, оқу үдерісі және болашақ кәсіби қызметтің мүмкіндіктері түсіндірілді.

Осындай студенттермен кездесулер мен экскурсиялар олардың құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттырып, болашақта ТЖ қызметінің қатарын толықтыруға мүмкіндік береді.